ӨЛГЕННЕН КЕЙІН ТІРІЛУДІҢ АҚИҚАТТЫҒЫ. Уағыз

Алла Тағала Ясин сүресінің (77-83) аяттарында:

قال  تعالي  **  اْولم  ير الانسان  اْنا  خلقناه  من  نطفة  فاذا  هو  خصيم  مبين 77  و  ضرب   لنا  مثلا  و  نسي  خلقه  قال   من  يحي  العظام و  هي  رميم  78 قل  يحييها  الذي  اْنشاْها  اْول  مرة   و  هو   بكل  خلق  عليم 79 الذي  جعل  لكم  من  الشجر  الاْخضر  نارا  فاذا  اْنتم  منه توقدون 80  اْو ليس  الذي  خلق  السموات  و الاْرض  بقادر  علي اْن  يخلق  مثلهم  بلي  و هو  الخلاق  العليم 81  انما  اْمره  اذا  اْراد  شيئا  اْن يقول  له  كن  فيكون  82 فسبحان  الذي  بيده  ملكوت  كل  شئ  و  اليه   ترجعون 83 **

«Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді (77). Олар өз жаратылысын ұмытып, бізге мысал берді: «Міне, шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» – деді (78). (Мұхаммед (с.ғ.с.)): «Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі» де (79). Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар (80). Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр  нәрсені жаратушы, толық  білуші (81). Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған «бол» деу, сонда ол бола қалады (82). Барлық нәрсенің билігі қолында болған әрі сендер Оған қайтарылатын Алла, кемшіліктен пәк (83)».

Я, адам баласы! Сені жаратқан кім?

Я, адам баласы! Сен өзіңе берген Алланың нығметтерін жеп, жерді белшесінен басып жүрсеңде, өлгеннен кейін тірілуді жоққа шығарасың ба?

Я, адам баласы! Сен ертең-ақ Алланың алдында осы дүниеде істеген істерің үшін жауап беретініңді ұмытып жүрсің ғой.

Алла Тағала Ынфитар сүресінің 6-шы аятында:

قال تعالي ** يايها  الانسان  ما  غرك  بربك  الكريم .**

«Әй, адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? (6)».

Иә, сені Алланың тыйған нәрсесінен тыйылмауыңа және үлкен күнәлар істеуіңе не себепкер болды? Алланың рахметінен мақұрым қалатындай саған не кедергі болды?

Я, Адам баласы! Сен кім едің? Сен бір тамшы су едің ғой. Тіпті,   сен бұл әлемде жоқ едің ғой.

Инсан сүресінің 1-2 аятында:

قال  تعالي  ** هل  اْتي  علي  الانسان  حين  من  الدهر  لم  يكن  شيئا  مذكورا  1

انا  خلقنا  الانسان  من  نطفة  اْمساج   نبتليه  2 .**

«Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме? (1). Шын мәнінде Біз Адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан, оны еститін, көретін қылдық (2)».

Иә, Адам баласы осы дүниеге міскін, әлсіз болып келген еді. Осы дүниеде жоқ еді, бір тамшы судан пайда болды. Сөйте тұра осы дүниеге келген соң өркөкіректеніп, Жаратқан Раббысын ұмытып кетеді.

Имам Ахметтің муснад кітабінде Басар бин Жаххаштан риуаят етілген.

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алақанына түкіріп, саусағын түкіріктің үстіне қойып былай деді: «Алла Тағала айтады: «Ей, адам баласы! Менің сендерді жаратқанымды неге жоққа шығарасыңдар. Мен сендерді мынадай нәрседен жаратып, өсіріп жетілдірдім».

Алла Тағалаға күбірлік танытқан кім екен? Ол адам, өлгеннен кейін тірілуді жоққа шығарды. Оның аты Аси бин Уайл. Ол адамға Алла Тағала дүние мен денсаулық берді. Осы дүниедегі нәрсенің бәрін берсе де ол Аллаға иман келтірмеді.

Бірде Аси бин Уайл қолында шіріген сүйегі бар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) барып, әлгі қолындағы шіріп құм болып тұрған сүйекті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның бетіне шашып жіберіп: «Ей, Мұхаммед! Сенің Раббың осы сүйекті қайта тірілтеді деп ойлайсың ба?» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

عاصي بن  وائل  اْتي  الي  النبي  صلي الله  عليه  وسلم  بظام  بال  فتته  و  نفخه  اْمام  المصطفي  صلي الله  عليه  وسلم   و قال \ يا  محمد  اْ تزعم  اْن  ربك  يعيد   هذه  العظام  بعد  اْن  يميتها ؟فقال   النبي  صلي الله  عليه  وسلم  \  نعم . يميتك  الله   ثم  يبعثك   ثم   يدخلك   النار .*

«Ия. Алла Тағала сені өлтіреді. Сосын тірілтеді, сосын сені тозаққа кіргізеді» деді. (Бұл хадис Хакимнің мустауракнда 2/108 келген. Имам Муслим мен Бухаридің шарттарына сай яғни сахих хадис).

Алла Тағала Аси бин Уайлге және сол сияқтыларға айтады. Ясин сүресінің 78-аятында:

قال  تعالي  ** و ضرب  لنا  مثلا  و  نسي  خلقه …**

«Олар өз жаратылыстары жайында ұмытып, бізге мысал берді».

Олар өздерінің кім екенін ұмытып, Аллаһтың оларға берген барлық нығметтерді ұмытып, өздерінің қалай жаратылғандарын ұмытып, кім оларға ырыздық бергенін ұмытып, кім оларды тәй-тәй бастырып жүргізгенін ұмытып, кім оларды судан адам  еткенін ұмытып, Алла Тағалаға осындай мысал әкеледі. Яғни шіріген сүйекті қайта жарата ала ма деген мысал әкелді.

Бәләд сүресінің 8-10-шы аяттарында:

قال  تعالي **  اْ لم  نجعل  له  عينين 8  و لسانا  و  شفتين 9 و  هديناه  النجدين 10 .**

«Оған екі көз жаратпадық па? (8). Әрі бір тіл, екі ерін? (9). Оған екі жол көрсетпедік пе? (10)».

Осы Аси бин Уайлге бір кедей мұсылман келіп, ақшасын сұрайды. Ол кедей мұсылман оның қолында жұмыс істеген еді.

Сонда Аси бин Уайл айтады: «Қиямет күні Алла бізді қайта тірілтетініне сенесің бе?» – деп сұрайды.

Кедей мұсылман: «Ия, сенемін» деп жауап қайырады. Оның бұл сөзін Аси бин Уайл мазақ қылып күліп: «Онда Алла Тағала бізді қайта тірілтетін болса, қабірімде өзіммен байлықтарым болады. Сол кезде сенің ақшаңды қайтарамын» дейді.

Осы жайында Алла Тағала Аси бин Уайл сияқтыларға Мариям сүресінің 77-80-ші аяттарында:

قال  تعالي ** اْ فرئيت  الذي  كفر  باْيتينا  و  قال  لاْوتين  مالا   و ولدا  77  اْطلع  الغيب  اْم  اتخذ  عند  الرحمان  عهدا 78 كلا  سنكتب  ما يقول  و نمد  له  من  العذاب  مدا 79 و  نرثه  ما  يقول  و  ياْتينا   فردا 80 .**

«(Мұхаммед (с.ғ.с.)) аяттарымызға қарсы келіп: «Әлбетте маған мал, бала берілді» дегенді көрдің бе? (77). Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма? (78). Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз (79). Сондай-ақ, оның айтқанына Біз ие боламыз да ол Бізге жалғыз келеді» (80)».

Және Ясин сүресінің 78-79 аяттарында:

قال  تعالي  **  و ضرب   لنا  مثلا  و  نسي  خلقه  قال  من  يحي  العظام  و  هي   رميم  78  قل  يحييها  الذي  اْنشاْها  اْول  مرة  و هو  بكل خلق  عليم 79 .**

«Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: «Міне, шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» – деді (78). (Мұхаммед (с.ғ.с.)): «Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі» де (79)».

Алла Тағала бізді осы дүниеге жалаңаш әкелгеніндей қиямет күні де бізді жалаңаш етіп қайта тірілтеді.

Әнғам сүресінің 94-ші аятында:

قال  تعالي **  و لقد  جئتمونا  فرادي  كما  خلقناكم  اْول  مرة  و  تركتم  ما  خولناكم  وراء  ظهوركم … 94 .**

«Расында алғаш рет жаратқанымыздай бізге жалғыз-жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастадыңдар».

Ал кімде-кім Аллаға шынайы иман келтіріп, құлшылық етер болса, онда оны қияметте үлкен сүйінші күтіп тұр. Олар ол күні еш қайғыланбайды және уайымдамайды. Алла Тағала Әнбия сүресінің 101-104-ші аяттарында:

قال  تعالي **  ان  الذين  سبقت  لهم   منا  الحسني  اْولئك  عنها  مبعدون101

لا  يسمعون  حسيسها   و  هم  في  ما  اشتهت  اْنفسهم  خالدون 102

لا  يحزنهم  الفزع  الاكبر و  تتلقاهم  الملئكة  هذا  يومكم  الذي  كنتم  توعدون 103

يوم  نطوي  السماء  كطي  السجل  للكتب  كما  بداْنا  اْول  خلق   نعيده  وعدا  علينا  انا  كنا  فعلين  104 .**

«Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады (101). Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ, олар жәннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады (102). Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: «Міне, бұл сендерге уәде етілген күн» деп қарсы алады (103). Ол күнде, көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағандай қайта жаратамыз. Бұл бізге бір міндет. Шынында біз орындаймыз (104)».

Я, адам баласы бір сәт айналаңа қарашы. Күн мен түннің ауысуы, жердің айналуы, күн сәулесінің бізге жарықпен берілуі осы нәрсенің барлығын әлбетте бір реттеуші бар ғой.

Олай болса қашан тәубе жасаймыз? Қашан Аллаға құлшылық етуге асығамыз? Өйткені, ертең-ақ Алланың алдына есеп беру күні де келіп қалады. Сол күні өкініште қалмайық.

Бірде Ибраһим (ғ.с.) теңіздің жағасында келе жатып, бір өліп жатқан құсты жыртқыш құстар жан-жақтан шоқып, оны бөліп-бөліп жеп қойғанын көреді. Сонда Ибраһим (ғ.с.) таңқалып: «Қиямет күні Алла Тағала әлгі құстың денесін қалай тірілетеді? Оны жыртқыш аңдар бөлшек-бөлшек етіп жеп қойды ғой» дейді.

Бақара сүресінің 260-шы аятында:

قال  تعالي ** و اذ  قال  ابراهيم  رب  اْرني  كيف  تحي   الموت … 260 **

«Сонау заманда Ибраһим (ғ.с.) «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді».

Алла Тағала жауап ретінде Бақара сүресінің 260-шы аятында:

قال تعالي **  … قال  اْولم  تؤمن  قال  بلي  و لكن  ليطمئن  قلبي…260 **

«Алла – маған сенбейсің бе?» – деді. Ибраһим (ғ.с.) Аллаға жауап ретінде Бақара сүресінің 260-шы аятында: «Әрине сенемін», «Бірақ жүрегім орнықсын», деді.

Имам Бұхари (5/163) мен Муслимде (1/133) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Біз Алланың құдіретіне еш шүбә келтірмейтін болсақ, онда Ибраһимнің шүбә келтірмеуі бізден де күшті» дейді.

Алла Тағала Ибраһим (ғ.с.)-нан: «Менің құдіретіме сенбейсің бе?» деп сұрағанда Ибраһим (ғ.с.): «Жоқ әрине, бірақ жүрегім орнықсын, иманым түссін, сенімім күшейе түссін» дейді.

Сонда Алла Тағала Ибраһим (ғ.с.)-ға:

قال  تعالي ** …قال  فخذ  اْربعة  من  الطير  فصرهن  اليك …260**

«Құстардан төртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп (сойып араластыр)». Яғни төрт құс алып оны бөлшектеп сойып, оларды бір-бірімен араластыр деді.

Алла Тағала Ибраһим (ғ.с.)-ға әлгі құстарды енді не істеу керектігін айтады:

قال  تعالي ** …ثم  اجعل  علي  كل  جبل  منهن  جزاء…260 **

«Сонан соң әр таудың басына бір бөлігін қой…» деді.

Ибраһим (ғ.с.) Алланың бұйрығымен бөлшегі шыққан құстарды әр таудың үстіне бір бөлшек етіп қойып шықты да өзі ойға қарай түсті.

Алла Тағала Ибраһим (ғ.с.)-ға:

قال تعالي ** … ثم ادعهن ياْتينك  سعيا  و  اعلم  اْن  الله  عزيز  حكيم 260**

«Енді оларды шақыр, дереу саған жетіп келеді» дейді. Осы мезетте Алланың құдіретімен мүше-мүше болып бөлініп, әр таудың басында жатқан әлгі мүшелерді Алла Тағала қайта тірілтеді де Ибраһим (ғ.с.)-ға айтады: «Күдіксіз Алланың өте үстем де хикмет иесі екенін біл» деді.

Құрметті мұсылмандар! Енді Алланың құдіретіне кім шүбә келтіреді? Енді кім өлгеннен кейін тірілу жоқ деп айта алады? Егер өлгеннен кейін тірілуге шүбә  келтірмесек, онда сол тірілетін күнге бүгін дайын болайық. Бүгін тәубеге асығайық, жақсы ғамалдар жасауға асығайық. Ертең сол күн келгенде өкініште қалмайық. Сол күні бізге ешкім және біздің ешнәрсеміз пайда бермейді.

Алла Тағала Шуғара сүресінің 88-89 аяттарында:

قال تعالي ** يوم  لا  ينفع  مال  و  لا  بنون  88 الا  من  اْتي  الله  بقلب  سليم **

«Ол күні, малы да балалары да пайда бермейді (88). Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді) (89)».

Алла Тағала бізді сол күні жамандық атаулыны алыс етсін. Сол күні біздің жүзімізді жарық етсін.

                                                                         Ержан қажы Малғажыұлы

                                                                         Қазақстан Мұсылмандары Діни

                                                                         Басқармасының Семей аймағы

                                                                         бойынша өкіл имамы.