الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) -НЫҢ (МҰҒЖИЗА) КЕРЕМЕТТЕРІ Уағыз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның кереметтері әрине өте көп. Оны бір уағызда айтып тауысу мүмкін емес болғандықтан бірнешеуіне тоқталып баян етіп көрейік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра уа Миғражға көтерілуінің өзі үлкен мұғжиза болып саналады. Сол  жәйтті естіген меккелік мүшріктер Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -нан келіп сұрайды: «Я, Мұхаммед! Сен бір түнде Құдысқа барып келдім» депсің, ол жерге керуеннің өзі неше айлап жүреді. Сен қалайша бір түнде барып келдің? Егер барып келгенің рас болса «Құдыс» мешітін сипаттап берші» — дейді. Сонда Алла Тағала Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның көз алдына Құдыс мешітін қазіргі замандағы экран сияқты көрсетіп қояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешіттің неше есігі бар, тағысын тағы бір жерінен қателеспей толық сипаттап береді. Ол жайында Сахих Бухариде Исро бабында Имам Муслимде келген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:

قال  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم .*  لما  كذبني  قريش  قمت  في  الحجر  فجلي  الله  لي  بيت  المقدس  فطفقت  اْخبرهم  من  اياته   و  اْنا اْنظر  اليه.*

«Құрайыш мүшріктері менің Исра уа Миғражға барғаныма сенбей мені өтірікшіге шығарғанда Алла Тағала менің көз алдыма Құдыс мешітін әкеліп көрсетіп қойды. Олардың «Құдыс» мешіті жайында сұраған қандай сұрақтарына мүдірмей қарап тұрып,  жауап бердім» дейді. Осы Исра уа Миғражға қатысты тағы бір мұғжиза ол Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрайыш мүшріктерінің: «Біздің даладағы түйелерімізді көрдің бе я, Мұхаммед!» деп сұраған сұрағына жауап беруі.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Ия, жолда бір үйір түйе көрдім. Түйешілер бір түйені жоғалтып алып, іздеп жүр екен және бәленше рудың түйелерінің жанынан өттім олардың ішінде бір қызғылт түйе әрең жүр» дейді. Сонда құрайыштар: «Я, Мұхаммед! Сен бізге түйелердің санын айтып берші және оларды бағып жүрген бақташыларды атап берші?» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Олардың саны осынша және бақташылары бәленшеке» деп аттарын айтып береді.Айдың жарылуы да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның мұғжизасынан болып табылады. Қазіргі білім мен ғылым технологиясы дамыған сайын біз Алла Тағаланың барлығына көптеген дәлелдерге жете түсеміз. Ғалымдар космоста айдың бұрын соңды жарылғандығы жайлы анықтады. Олар космостан айды суретке тартқанда айда үлкен терең шұңқырды анықтады. Бұл хадис Анәстан (р.л.ғ.) риуаят етілген:

فعن  اْنس  رضي  الله  عنه  قال \  ساْل اْهل  مكة  النبي  صلي  الله  عليه  وسلم   اية   فانشق  القمر  بمكة  فرقتين  .  فقال  تعالي ** اقتربت الساعة  و انشق  القمر **  و ما  كان  من   كفار قريش  الا  ان  قالوا \  ان  كان  سحرنا   فانه  لا  يستطيع  ان  يسحر  الناس *.

«Мекке мүшріктері Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) өзінің пайғамбар екеніне дәлел ретінде бір керемет көрсетуін сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алланың қалауымен аспандағы айды екіге бөледі. Ол жайында Құран Кәрімнің Қамар сүресінің 1-ші аятында: «Қиямет жақындады, ай жарылды». Мүшріктер осындай кереметті көре тұра иман келтірмеді. Олар: «Мұхаммед айды жармады. Ол сиқыршы біздің көзімізді байлап тастады» деді».Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның дұғасымен жаңбырдың жаууы.Анәс (р.л.ғ.) -дан риуаят етілген: «Бір адам жұма күні мешітке келді. Сол уақытта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мінбеде құтба оқып тұрған еді. Әлгі жігіт Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға келіп былай деді: «Я, Алланың Елшісі! Жаңбырдың жоқтығынан егініміз қурап, малымыз қырылып жатыр. Алладан дұға тілеңізші, бізге жаңбыр берсін». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі қолын жоғары көтеріп:

فرفع  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم  يديه  فقال  **  اللهم  اسقنا  اللهم  اسقنا  اللهم  اسقنا ... *

«Я, Раббым! Бізге жаңбыр бер, я, Раббым! Бізге жаңбыр бер» деді. Әнас (р.л.ғ.) айтады: «Аспанда бір түйір бұлт жоқ еді. Кенет аспан бұлтқа толып, қалың жаңбыр жауа бастады». Әнас сөзін әрі қарай жалғап: «Біз жаңбырды алты ай көрмеген едік» деді. Абу Жаһл Алла Елшісі (с.ғ.с.) -ды намаз оқып жатқан кезінде мойнынан аяғымен басқысы келеді де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға жақындап келіп аяғын көтере бергенде онымен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның арасында бір перде пайда болады. Оны көрген Абу Жаһл қатты қорқып кетеді. Сахих Бухари мен Муслимде Абу Хурайра (р.л.ғ.) айтады: «Абу Жаһл құрайыш мүшріктерге айтады: «Мұхаммед Раббысына сәжде етіп жатыр. Неге сендер оған тыйым салмайсыңдар. Мен оның бетін топыраққа көмемін деді де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға жақындап келіп, оның мойнынан таптағысы келді. Сол мезетте тез артқа қайтты бір нәрсе оған кедергі болды. Өзі қорқып кетті. Мүшріктер Абу Жаһлден «Неге қорқып артқа қайттың?» — деп сұрайды. Сонда Абу Жаһл айтады: «Мұхаммед  пен менің арамда оттан бір кедергі пайда болды» деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абу Жаһлге айтты:

قال  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم .*  لو  دنا   مني  لاختطفته    الملائكة  عضوا  عضوا .*

«Егер маған жақындай түскеніңде оны періштелер мүше-мүше етіп тастар еді» дейді.  Алла Тағала осы жәйтқа байланысты Алақ сүресінде айтты. 9-19-аяттар:

قال  تعالي  ** اْراْيت  الذي  ينهي 9  عبدا اذا  صلي  10 اْراْيت  ان  كان علي  الهدي  11 اْو  اْمر  بالتقوي 12  اْراْيت  ان  كذب  وتولي 13 اْلم  يعلم  بان  الله  يري  14 كلا  لئن  لم  ينته  لنسفعا  بالناصية 15 ناصية  كاذبة  خاطئة 16  فليدع  ناديه 17  سندع  الزبانية  18  كلا  لا تطعه  واسجد  و اقترب 19 .**

«Көрдің бе, сондай тыйым салғанды (9). Бір құл намаз оқыған сәтте (Әбу Жаһл: «Мұхаммед намаз оқыса, басын мылжалаймын» деген екен.) (10). Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед (с.ғ.с.) тура жолда болса да (11). Немесе тақуалықты бұйырған болса да (12). Көрдің бе, егер ол (адам жайлы) өтіріксініп, бет бұрған болса? (13). Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме? (14). Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз (15). Өтірікші күнәһардың кекілінен (16). Сонда ол, сыбайластарын шақырсын (17). Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз (18). Олай емес, (Мұхаммед (с.ғ.с.)) оған бағынба Аллаға сәжде қыл, жақында (19)».Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүшріктердің алдынан өтіп, төбелеріне топырақ шашты. Бірақ олар оны көрмеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Медине қаласына хижрат қыларда сол түні өзінің орнына Али (р.л.ғ.) -ның жатуына бұйырды. Өйткені, меккелік мүшріктер сол түні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ды өлтірмекші болған еді. Мүшріктер Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның үйінің есігінің алдына келіп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның үйінен шығуын күтіп тұрды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйінен шығып, қолына бір уыс топырақ алып Ясин сүресінің 9-шы аятын оқи жүріп, олардың төбесіне топырақ шашты. Бірақ, олар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ды көрмеді. Өйткені, Алла Тағала олардың көздеріне перде жасап қойды.

قال  تعالي ** و جعلنا  من  بين  اْيديهم  سدا  و  من   خلفهم  سدا   فاْغشيناهم  فهم  لا  يبصرون  9 .**

«Олардың арттарынан да бөгет, алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмеді (9)». Талдың орнынан жылжып қайта орнына келуі. Имам Ахмад пен Имам Мажаның сахих деп танылған хадис. Анас бин Малик (р.л.ғ.) айтады: «Мекке мүшріктері Пайғамбарымыздың шақырғанына қарамай тіпті оны ұрып, басын қанатып қояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) меккелік мүшріктердің тура жолға түспегендеріне қайғыланып отырғанда, оған Жебірейіл (ғ.с.) періште келеді де: «Саған не болды?» — деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

فعن  اْنس  بن  مالك  رضي الله  عنه  قال \ جاء  جبريل  الي  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم  ذات  يوم و  هو  جالس  حزين  قد  خصب بالدماء  من  ضربة  بعض  اْهل  مكة  قال \ فقال  له  \ * ما  لك ؟  قال \ فعل  بي  هؤلاء  و  فعلوا .  قال  \ فقال  له  جبريل\  اْ تحب  اْن  اْريك اية ؟  فقال  \ نعم .  قال  \ فنظر  الي  شجرة  من  وراء  الوادي  فقال\ ادع  تلك  الشجرة   فدعاها .  قال \  فجاءت  تمشي  حتي  قامت  بين  يديه .  فقال  \  مرها  فلترجع  فاْمرها  فرجعت  الي  مكانها  فقال  .   قال  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم  \  حسبي .*

«Олар менің шақырғаныма жауап бермеді» — деді. Жебірейіл (ғ.с.) періште: «Саған Алланың құдіретін көрсетейін бе?» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә» деді. Жебірейіл (ғ.с.) періште: «Мына талды өзіңе шақыр» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әлгі талды өзіне шақырып еді, тал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның алдына жүріп келді. Жебірейіл (ғ.с.): «Енді орныңа қайт» деп бұйрық бер» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) талға орныңа қайт деп бұйырды. Тал орнына қайтып барды.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның саусақтарынан судың шығуыСахих Бухари мен Муслимде және Нисаи мен Тирмизидің кітаптарында Анас бин Малик айтады: «Екінті намазының уақыты таяғанда адамдар дәрет алуға су іздей бастады. Бірақ су таба алмады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бос ыдысқа саусағын қойғанда саусақтарының арасынан су атқылай бастады. Сахабалардың барлығы дәрет алды». Мұса (ғ.с.) -ның кереметі тастың арасынан су шығарса, біздің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның кереметі саусақтарының арасынан су шығаруымен Мұсадан асып түсті.

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша
өкіл имамы:  Ержан  Малғажыұлы
Семей қаласы.