«Абай ауданы қарасты Арқат ауылдық мешіті»

«Арқат мешіті» Абай ауданына қарасты Арқат ауылында орналасқан. Мешіт толықтай жергілікті халықтың көмегімен 2009 жылы үш ай ішінде толықтай салынып біткен. Мешіттің ішкі еденіне толықтай кілем төселген. Мешіт ішінде имам бөлмесі, 100 кісіге арналған намазхана бөлмесі және киім ілетін орындар орналасқан. Биіктігі 2,5 м  Күнбезі  2 метр Қабырғасы силикат кірпішпен өрнектеліп жасалған. Шатыры қаңылтыр шифер. Мешіттің сыртқы ауласында ер әйел адамдарға арналған дәретхана және отын қойатын қоражәйлар орналасқан.

image006(5) image004(65) image002(72)