ҚМДБ-ның Семей аймағына қарасты Көкпекті аудандық Орталық мешіті

Көкпекті ауданы Көкпекті орталық мешіті

Семей аймағы Көкпекті ауданы Көкпекті орталық мешіті. 2004 жылы көктемде басталып, 2005 жылы Қасиетті Рамазан айының қадыр түніне қарсы халық игілігіне берілді. Мешітіміздің сыртқы көрінісі шығыс үлгісімен, Өзбекстаннан өрнектелген кірпіш әкелініп,көз тартардай көмкерілген. Бұл мешіттің күмбезінің биіктігі 12 метр,қос мұнарасы 18 метр, орналасқан жері ауданымыздың орталығы Абылайхан көшесі 24 – ші мекен – жайда орналасқан. Жалпы көлемі 3744 кв/м.

Ішкі бөлмелері:  Бас имамның жеке бөлмесі, әйелдер оқитын бөлек бөлме және намаз оқитын жүз адам сиятын орын бар. Осындай зәулім мешітті салдырған азамат ауданымыздың тумасы және кәсіпкер Дүйсенғұлов Қайрат Сләмханұлы Алла оған разы болсын.

image004(59) image002(66)