Семей қаласы Жаңа-Семей ауданына қарасты, Шаған ауылдық мешіті

«Шаған ауылдық мешіт» Жаңа Семей ауданында орналасқан. Мешіт күмбезінің биіктігі 3, мұнарасының биіктігі 15 метр. Ғимаратының ұзындығы 16, ені 12 метр. Мешіттің ішкі биіктігі 5 метр. 8 терезесі орнатылған. Арнайы сырт киім шешінетін орын және имамның қызмет бөлмесі де қарастырылған. Мешіттің көлемі 1000 шаршы метр. Ерлер намаз оқитын бөлмеге 200 адам, әйелдер бөлмесіне 70 адам бір мезгілде намаз оқи алады. Мешітті 2008 жылы соғыс ардагері Арғын Тоғанбаев өз қаражатына салдырған.

image004(28) image002(35)