Аягөз қаласындағы «Мәуліт» мерекелік шарасы.

Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайына таң ертемен жиналған халық қарасы көп болды. Хабарландырудан құлағдар болған көпшілік «Мәуліт» мерекесін сағынада, асыға күтіп жүрген болатын. Сахна шымылдығы жаңғырған азанмен ашылып, салауат айтқан «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығының шәкірттерінің әуезімен үнімен қатар мешіт имамдарымен ұстаздарының қасиетті құран оқуымен басталды. Аудан әкімі тарапынан құттықтау сөзінен соң, күмбірлеген домбырамен терме жыр төгілді. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі әртістерінің «Заман – ай», «Сағыныш» атты көрініс қойылымдары жиылған қауымның көзіне еріксіз жас алдырды. Кішкене бүлдіршіндердің жүрекжарды өлең жолдарымен қатар, «Қазына» атты бейнеролик көрсетіліп, Семей қаласынан келген ақын Фархат Маратұлымен жергілікті ақын Қазбек Жұмағазыұлы арасындағы айтыс көпшілікті бір желпінтіп тастады. Аягөз қалалық мешітінің 2016 жылғы атқарған есебі жайлы ролик көрсетіліп, аудан имамы Думан қажы Нәдірұлы уағыз – насихат айтып, мерекелік шараны қортындылап, алғыс хат табыстады. Ақжаулықты аналар шашуынан дәм татқан жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.