«Адамзаттың асыл тәжі» атты кітаптан қыздар – әйелдер секторындағы байқау.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайханқари» атындағы діни сауат ашу орталығында білім алушы әйел – қыздар секторы мүшелеріне «Ұлық тұлға – Мұхаммед (с.ғ.с)» атты қыз, келіншектер, апайлар арасында «Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед (с.ғ.с)» деген кітаптан бір ай бұрын сынақ өтетіндігі хабарлап, жарияланған болатынбыз. Осы уақыт өз мәресіне жетіп, 25 – тен астам қыз – келіншектермен апайлар қатысып, сынақ тапсырып, жүйріктер анықталып, марапат қағазымен қатар сыйлықтар өз иелеріне табыс етілді. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы сайысты өткізудегі мақсатты баяндай келе, алдағы уақыттада осындай ізгі шаралардың өтетіндігін атап өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.