Аягөз қалалық лицейдегі кездесу.

Аягөз қаласындағы қалалық лицейде 5 – 8 класс оқушылары қатысуымен өзін – өзі тану пәні бойынша «Мейірімділік – жақсылықтың бастауы» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы сонымен қатар аудандық жастар орталығының директоры Ибраев Саят қатысты. Бас имам дініміздегі мейірімділіктің орыны жайлы насихат айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жастар орталығының директоры Саят мырза мейірімділік жайлы бейне ролик көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.