Аягөз қалалық №5 орта мектептегі пресс конференция

Аягөз қалалық №5 орта мектепте Өзін – өзі тану пәні бойынша «Жылулық таратайық жүректен – жүрекке» атты тақырыпта пресс конференция өтті. Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамдары Дәулет Қинаятұлы және Нұржан Медеуханұлы қатысты. Өзін – өзі тану пәнінің ұстазы пресс конференцияға қатысушы оқушылардың дайындаған қойылымдарын өткізіп, келген қонақтарға арналған сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.