Семейде екі апталық семинар басталды

Семей қалалық Төлеубекқажы мешітінде Семей аймақтық өкілдіктің ұйымдастыруымен қала аудан және шалғай ауыл мешіт жамағаттарына арналған екі апталық семинар басталды.

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы семинар барысында: «Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді», – деген. Демек, дінді түсіну, оған амал ету, Исламды насихаттау – жауапкершілігі мол, мәртебелі еңбек. Семинар барысында жамағаттарға Құран, Ақида, Фикһ сабақтары, «Имам Ағзам Әбу Ханифа» масхабын кеңінен насихаттап, асыл дініміздің беделі туралы дәрістер оқылатын болды. Жамағатымыздың саны артып, елімізге жат пиғылды ағымдардың жетегінде жүргендер саны төмендеуіне өз септігін тигізері сөзсіз. Дәстүрлі дінімізді, шариғатты ұстанып, соған орай амал етіп, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейе түсуіне бір адамдай атсалысу қажеттігі айтылды.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.