Аналарға құрмет – баршаға міндет

ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан Малғажыұлының тапсырмасының  бірі: қарт ата-аналарға құрмет көрсету, аурулардың қалдарын сұрап мұқтаж жандарға көмек көрсету болатын. Үстіміздегі жылдың 8 – наурыз күні Жарма аудандық мешіттің ұжымының ұйымдастыруымен найб имам Абдилсамет Тойқылды аудандық аурухананың көмекші дәрігері Сәуле Тоқанқызымен келісіп, ауруханада ем қабылдап жатқан хирургия, терапия, және перзентхана бөлімдеріндегі  емделуші  аналармен кездесу өткізіп, аурулардың көңілін сұрап қайтты. Барша әйел болашақ ана екенін,еліміздің  болашағы болған ұрпақтарымыз аналарымыздың тәрбиесінде болатынын, дініміз исламда аналардың орны қаншалықты құрметке ие екендігін  «аят, хадистерден» мысал келтіріп Пайғамбарымыздың сахабасы болған Ал-қаманың анасы арасында болғанғибратты  уақиғаны айтып көңілдеріне жылу ұялатты. Барлық бөлімде жатқан 15 Анаға сыйлықтар жасап ризашылықтарына ие болды.

Жарма аудандық мешіттің баспа сөз қызметі.