Аягөз қаласындағы Әз – Наурыз мерекесі.

Аягөз қаласындағы орталық алаңда «Әз – Наурыз» мерекесі тойланды. Аудандағы мекемелер тарапынан ақшаңққан киіз үйлер тігіліп, ән – думан, ойын – сауық мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Аудан әкімі ел – жұртты мерекемен құттықтады. Аягөз қалалық мешіті қызметкерлері мерекелік шараны тамашалап, киіз үйлердегі дастархан басында бата беріп, мерекемен көпшілікті құттықтап, Жаратқаннан ел – жұрт амандығын тіледі.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.