Наурызда өткен іс шара

Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні Қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ұлттар мен ұлыстардың мерейлі мерекесі. Наурыз мерекесінде  араздасқан адамдар осы күні татуласып, бір-біріне жақсы бата берісіп, «Ұлыс оң, ақ мол болсын» деген сияқты ізгі тілектерімен қауышып жатады.  Мұның бәрі адамды әдептілікке, бауырмалдыққа, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелейді.                                 Салт-дәстүрлерімізді жаңғырту  оны сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында ҚМДБ – ның  Семей өңірі бойынша  «Әйел – қыздар секторы» Қос мұнаралы орталық мешітте наурыз мерекесінің құрметіне «Инабатты қыз, иманды ару» тақырыбында бойжеткендер арасында сайыс өткізді. Сайыста қыздарымыз ұлттық тағамдарды дайындау, ұлттық қол өнерін көрсету және дін және дәстүрімізге қатысты сұрақтар қойылды. Үзіліс уақытында сауат ашу курсының шәкірттері көрермендерге «Қабыл болған дұға…» деген тәрбиелік мәні бар қойылым қойып берді. Қазылар алқасы орындар тағайындап, қатысқан әр бойжеткен қызымызға бағалы сыйлықтар мен марапаттады. Келген қонақтарға ақ жаулықты әжелеріміз наурыз көже таратып баталарын берді.

Қос мұнаралы орталық мешіттінің баспасөз қызметі.