Өкіл имам студент жастармен кездесті

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Ибалы қыз – ұлт болашағы» тақырыбында студент жастармен кездесу өткізілді. Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы басқосуда Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Өйткені, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ халқы қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?  Студенттерге өз кезегінде өкіл имам «Қазіргі жастардың діни сауаттылығы қандай?», «Неге жастар ұлттық тәрбиеден алшақ?», «Балаға шешенің ықпалы күшті ме, көшенің ықпалы күшті ме?» т.б. сауалдарына жауап берді Кездесу соңында өкіл имам студенттерге жүрек жарды ақ батасын берді.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.