Жазушы Толымбек Әбдірайым Аягөз мешітінде.

Жазушы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Толымбек ағамыз қасиетті жұма күні Аягөз қалалық мешітіне жұма намазына қатысып, наиб имам Дәулет Қинаятұлымен өңіріміздегі ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан істер жайында әңгімелесті. Жазушы ағамыз қаладағы №6 орта мектепте оқушылармен қазақы дәстүріміз жайлы кездесуге қатысып, сонымен қатар Қарағаш ауылында мектеп оқушыларымен жиын өтетіндігін айтып, мешіт имамдарына алғысын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.