Аягөз қалалық №16 К. Бозтаев атындағы орта мектептегі кездесу.

Аягөз қалалық №16 К. Бозтаев атындағы орта мектепте бір күнде үш кездесу өтті. Айтар болсақ, 9 – 10 класс оқушыларымен сонымен бірге 6 – 8 класс оқушыларымен және ата – аналармен жеке «Дін мен дәстүр» атты тақырыпта жиын өткізілді. Бұл кездесуге дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандарымен бірге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы қатысты. Қоғамдағы өзекті мәселе жат ағым жайлы, сонымен бірге ата – ана хақысы, өзара қарым – қатынас жайлы баяндалды. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.