№25 жол – пайдалану учаскескесіндегі кездесу.

Аягөз қаласындағы №25 жол – пайдалану учаскесінде «Дін мен дәстүр» атты тақырыпта бас қосу жиыны өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайрат Боранбайұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Айжан Мұратқанқызы, әскери прокуратурадан, әскери тергеу бөлімі мамандары қатысты. Кездесуде сөз алған қатысушылар дініміздің асыл қасиет, құндылықтарын салт – дәстүрімізбен қоса баяндай келе, проектормен бейнефильмдер көрсетіп, заң шеңберіндегі адам құқықтары түсіндірілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.