«Өзгеге өмір сыйла!» донорлық акциясы өтті (фото)

Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіттің ұйымдастыруымен қалалық имам-молдалары Семей қалалық қан орталығында «Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акциясы өтті. Бүгінгі таңда, түрлі жағдайларға байланысты ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Осындай жағдайды ескере отырып, игі шараны қолдап, халық арасында насихаттау мақсатында Семей орталық мешіттің имам-молдалары мен жамағаттары, қайырымдылық шара ретінде қан тапсырды.                Өз қанын өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық пен бауырмалдық танытқан иманды жандар жыл сайын өз еріктерімен қан тапсыруды дәстүрге айналдырып келеді.  Жалпы,  қан тапсыру –  Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда: “…Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең” (Майда сүресі 32 аят) – деген.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі