Шағбан айы ауызашары.

Аягөз қалалық мешітінің жанынан құрылған «Әйел – қыздар» секторы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында шағбан айы құрметіне ауызашар ұйымдастырды. Сауат ашу орталығы ұстазы Әсел Есимбаева жиналған көпшілікке шағбан айы жайлы насихат айтып, проектормен бейнеролик көрсетіп, сұрақ қойып, жауап бергендерге сый табыс етті. Сектор мүшелері ауызашар ұйымдастырып, демеушілік жасаған азаматқа алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.