Айғыз ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды

Аягөз ауданына қарасты Айғыз ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды. Мұхтар, Дәулет, Айдын атты азаматтар туған еліне мешіт салуды ұйымдастырып, ҚМДБ – нан арнайы рұқсатын алып, ауыл халқымен кездесті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы мешіт салудың сауабы жайлы насихат айтып, әрбір ауылда рухани орданың болуы өскелең ұрпаққа тәрбие екенін баяндады. Мәслихат төрағасы Сейілбек Әбиұрұлы жақсы істі қолдап, мешіт жерінің құжаттарына қолғабыс беретіндігін жеткізді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.