«Қош келдің – Рамазан» атты мерекелік шара

Аягөз ауданына қарасты Б. Майлин ауылдық мәдениет үйінде «Қош келдің – Рамазан!» атты мерекелік шара өтті. Шарада тәрбиелік мәні бар бейнероликтер қойылып, термелер шырқалды. «Ана қадыры» және «Құлшылыққа құлшыну» атты сахналық көріністер қойылды. Майлин ауылдық мешітінің имамы Фархат Мырзабаев жамағатымен қасиетті айға мешіттің іші – сыртын мұнтаздай етіп тазалап, ыждағатпен дайындалғандығы көрініп тұрды. Аудан имамы Думан қажы Нәдірұлы дініміздегі Рамазан айының орыны жайлы уағыз – насихат айтып, сұрақ берушілерге тұщымды жауаптар берді. Бас имам сөз соңында ауылдағы Алла үйі мешітке көмек қолын созып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады.  Әсіресе Рамазан қарсаңында, өзінің туған жерінде,  осындай рухани ізгі шараның өтуіне демеушілік көрсеткен Бауыржан Болатұлына ерекше алғыс рахметін білдірді. Алдағы уақытта Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен тағы да  бірқатар ауылдарда «Қош келдің рамазан!» атты рухани кештер өткізілу жоспарлануда.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.