Семей қаласында қазақша күрестен мешіт жамағаттары арасында Бас мүфтидің жүлдесі үшін IV республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы хазреттің жүлдесі үшін қазақша күрестен IV республикалық турниріне, Семей өңірі бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Іріктеу сайысына қала-аудан, ауыл имамдарымен жамағаттарынан 21 балуандар күш сынасты. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырған Семей аймағының өкіл имамы Алтыбаев Мақсат Қуанышұлы  кәзіргі уақытта діни басқарманың атқарып жатқан ауқымды  іс-шараларын тілге тиек етіп, осы турнир қазақ күресіне қосып жатқан үлестін бір көрнісі деп атап өтті. Қатысушы балуандарға сәттілік тілеп, жіңілпаз Алматы қаласында өтетін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы хазреттің жүлдесі үшін қазақша күрестен IV республикалық турниріне жолдама берілетінін жеткізді.

Жарыс соңын қортындыланып, 3 балуанға өкіл имам Мақсат қуанышұлы Алғыс хат, медаль және сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.

–        1 орынға – Салықбаев Қуаныш,

–        2 орынға – Рамазанов Қуаныш,

–        3 орынға – Құмашов Азат,

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.