Аягөз қалалық мешітіндегі қадыр түні

Аягөз қалалық мешітінде қадыр түнінде Рамазан айының алғашқы жұлдызынан бастап оқылған қасиетті Құран хатымы аяқталып, мешіт жамағаты Мухаммади қаридың иығына шапан жауып, ақсақалдар ақ батасын берді. Аудандық мәслихат хатшысы Ысқақов Сейлбек Абұйырұлы келген көпшілік халықты Қадір түнімен құттықтады. Мешіт имамы Думан Нәдірұлы «Қадыр түнінің артықшылығы» деген тақырыпта уағыз насихат айтып, түрлі викториналық сұрақтар қойып, жауап берушілерге мешіт атынан сыйлықтар табыс етті.  Түнімен құлшылық пен дұға тілек тілеген жамағат, таң рауандағанда тарқасты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.