Аягөз жаңалықтары (фото)

Аягөз қалалық мешітіндегі балаларға айттық тарту.

Аягөз қалалық мешітінің ауласында ораза айт құрметіне «Балаларға айттық тару» атты тақырыпта мерекелік шара өтті. Мешіт имамы Думан қажы Нәдірұлы бүлдіршіндерді айтпен құттықтап, мешіт шәкірттері дайындаған әртүрлі монологтар оқылып, ойындар ойнатылды. Сонымен бірге «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің әртістері дайындаған сахналық қойылымдармен ұлттық ән – күйлер орындалды. Мерекелік шара соңы балаларға тәтілермен балмұздақтар таратуға ұласты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі. 

 

«Жаңауыл» мешітіндегі айт мерекесі.

Аягөз қаласындағы «Жаңауыл» мешітінде Ораза айт мейрамы күні мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат аз қамтылған отбасыларына үлестіріліп берілді. Мерекеде сонымен қатар қой көтеру сайысы өтіп, қойды көп көтерген адам ұтып алды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

Айт күнгі теңбіл доп.

Аягөз қаласында ораза айттың құрметіне қаладағы екі мешіттің ұйымдастыруымен футболдан достық кездесу өтті. Кездесуде қала әкімі Жұмағали мырзамен орталық мешіттің бас имамы Думан қажы тілек білдіріп, көпшілікті мерекемен құттықтады. Екі мешіттен құрылған командалармен қатар, қаладағы мекемелерден бірнеше команда қатысты. Жиыны 16 команда болды. Тартысты кездесуде мешіттен құрылған «Жаңауыл» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен бірге айттық дастархан жайылып, қатысушылар дәм татты. Үздік қақпашы, үздік қорғаушы, ең әдепті ойыншы, үздік шабуылшы номинациясы бойынша марапат қағаздары берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Мешіт шәкірттері арасындағы теңбіл доп.

Аягөз қалалық мешітінде жазғы сауат ашу орталығында дәріс алған шәкірттермен ауданға қарасты ауыл мешіті шәкірттері арасында футболдан достық кездесу өтті. Ойын тартыстыда қызықты болды. Қатысқан командалар арасында І -орын Майлин ауылдық мешіті командасы, ІІ – орын Орталық мешіт командасы және ІІІ – орын «Жаңауыл» мешіті командасы иемденді. Командаларға марапат сыйлықтар берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.