Семей қалалық Достық үйінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан 18 ұлттың өкілдеріне, ауызашар берілді.

Семей қалалық Достық үйінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан 18 ұлттың өкілдеріне, ауызашар берілді. Дастархан басында Семей қалалық ішкі саясат бөлімі,18 ұлттың мәдени бірлестіктерінің төрағалары, дәстүрлі дін өкілдері, қалалық мұсылман әйелдер қоғамдық бірлесітігінің мүшелері бас қосып, ғибратты отырыс өткізді.

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Әлемді жарық нұрға жетелеген Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай, Рамазан айында ораза ұстаған мұсылманның қос қуанышының бірін бастан кешіріп, берілетін сансыз сауабынан үміттенген мұсылман жамағатын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ақ пейілмен жайылған ауызашар дастарханында бас қосқанына ризалығын білдірді.

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Бүгін елімізде көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.  Бүгінде әрбір ұлтқа салт — дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.

Ауызашарда Семей аймағының өкіл, имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы сонау зұлмат жылдарда шейіт болған қазақстандықтарға бағыштап Құран оқылып, ақсақалдар ақ баталарын берді. Ауызашарға келгендер де бір-біріне оразадағы игі тілектерін айтып тарқасты.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.