Шәкірттерге мақтау қағазы табысталды

Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында жайма шуақ жазғы маусымда дәріс алған жасөспірім ұлдармен қыз балаларға мақтау қағазы табысталды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы  Баешов Бекзат : «Әрбір ата-ананың міндеті өз перзентін, имандылыққа әдептілікке, үлкенді сыйлау сияқты адамгершілік қасиеттерді баланың санасына жас сәби кезінен ұялата білудің пайдасы өте зор.

Бүгінгі мұсылмандық тәрбие алған шәкірттеріміз елін отанын сүйетін иманды, инабатты болып өсетініне кәміл сенемін!», – деп, өз сөзін жеткізді.

Діни сауат ашу курсынан сабақ алған шәкірттерге марапаттау қағазын тапсырып, бақытты болашақ тіледі. Балаларға дәріс берген ұстаздарға Шакиров Асқар, Динара Тұрлықожанға балалар шынайы алғыстарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.