Аягөз жаңалықтары (фото)

Майлин ауылындағы теңбіл доп.

Аягөз ауданына қарасты Майлин ауылында 20 жылдық кездесуге келген түлектер футболдан достық кездесу өткізді. Ауыл мешіттері арасында өткізілген ойын тартысты өтті. «Тарбағатай ауылдық» мешіті командасы алдыңғы қатарлардан көрінді. «Майлин ауылдық» мешіті екінші орын, «Аягөз қалалық» мешіті үшінші орын иеленді.

Командалар арасындағы теңбіл доп.

Аягөз қаласында мешіттің ұйымдастыруымен қаладағы кварталдар арасында футболдан жарыс өтті. Достық кездесу тартысты өтті. Бірінші орын «Залиние» командасы, екінші орын «Жаңауыл» командасы, үшінші орын «Жастар» командасы жеңіп алды. Жеңіске жеткендерге сыйлықтармен марапат табыс етілді.

«Жаңауыл» мешітіндегі дәріс.

Аягөз қаласындағы «Жаңауыл» мешітінде әр сәрсенбі, сенбі күндері мешіт имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы дініміз жайлы, қасиетті Құран Кәрімді үйренем деушілерге арнайы дәріс жүргізіліп тұрады. Бірнеше азамат Алла сөзі Құранға түсіп, білімдерін жалғастыруда.

Жаңауыл мешітіндегі қайырымдылық.

Аягөз қаласы «Жаңауыл» мешітінде ай сайын қайырымдылық мәселесі келелі жолға қойылған. Мешіт имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы мешіттен тұрақты түрде қайырымдылық алатын жандарға азда болса, күнделікті тұрмысқа қажетті азық – түлік түрлерін үйлеріне апарып берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.