Биологтар құмырсқаның ең үлкен илеуін тапты

xlargeМәскеулік биологтар тапқан құмырсқаның илеуінің биіктігі 1,7 метр шамасында болса, диаметрі 2,5 метр.
– Орман құмырсқаларының үйі Мәскеу маңында орналасқан Клин қаласының жанынан табылды. Бұл илеу соңғы жылдары кездестіргендердің ішіндегі ең үлкені болып табылады, – дейді Мәскеу облысының экология министрі Александр Коган.
Орман құмырсқаларының пайдасы зор. Олар зиянды жәндіктерді жояды.
– Осындай орта көлемдегі құмырсқаның илеуі орманның шамамен төрттен бір гектарын зиянкестерден тазалайды, – деп пікір қосты Ведомство. Жалпы Мәскеу маңында 41 құмырсқаның илеуі бар.
http://muslim.kz/kk/news/8107-biologtar-qumyrsqanyn-en-ulken-ileuin-tapty.html