Ақшәулі ауылындағы кездесу.

Аягөз ауданына қарасты Ақшәулі ауылдық мектебінде 8 – 11  класс оқушыларымен «Дін – тәрбие діңгегі» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы тәрбие ісінің меңгерушісі, ұстаздар қатысты. Наиб имам Нұржан Медеуханұлы асыл дініміз Исламның құндылықтарын, қасиетті Құран аяттарынан дініміздегі тәрбие жайлы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінен баяндап, оқушылар сұрақтарына жауап берді. Мектеп ұстаздары осындай кездесулер жиі өтіп тұрса деген тілектерін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.