АЯГӨЗ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (ФОТО)

Аягөз қаласындағы №5 орта мектептегі конференция.

Аягөз қаласындағы №5 орта мектепте «Рухани жаңғырудың бір сипаты – діни сенім мен ұлттық сананың беріктігі» атты тақырыпта конференция өтті. Конференцияға оқу бөлімінің басшысы Нұрғали Тілекқалиұлы, ауданға қарасты мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, тарих пәнінің ұстаздары, психологтар сонымен қатар мешітттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы қатысты. Оқу бөлімінің басшысы сөз алып, мектеп ұстаздары дайындаған бейнефильмдер көрсетіліп, «Баба салтын теріске шығаратын – теріс пиғыл, жат ағымдарға жол жоқ» атты көрме көрсетілді. Жарыс сөз, тренинг, фотосессия өткізілді. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, насихат айтты.

 

Аягөз қаласындағы орталық кітапханадағы конференция.

 

Аягөз қаласындағы орталық кітапханада кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім күні» атты тақырыпта конференция өтті. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы және дін мәселелерін  зерттеу орталығының маманы Айжан ханым қатысып, келелі тақырыпта насихат айтылды. Кездесуге жиналғандар көкейлеріндегі өзекті діни мәселелер жайында сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Қатысушы тарап атынан алдағы уақыттарда осындай басқосу өтіп тұрса деген пікірлер айтылды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Ақтоғай бекетіндегі кездесу.

 

Аягөз ауданына қарасты, Ақтоғай бекетінде «Рухани жаңғырудың бір сипаты – діни сенім мен ұлттық сананың бекемдігі» атты тақырыпта мектеп оқушылары және ата – аналары қатысқан жиын өтті. Ауыл ақсақалдары жиында дәстүрімізбен дін сабақтастығын, Елбасы жолдауына баяндалған ізгі істерге тоқталды. «Мәнсул» мешітінің имамы Амангелді Серікқанұлы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.