АЯГӨЗ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ (ФОТО)

Аягөз қаласындағы әскери бөлімдегі кездесу.

Аягөз қаласындағы № 54835А әскери бөлімінде «Дін мен дәстүр» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге «Жанауыл» мешітінің имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы және Мамырсу ауылы «Қазығұл ата» мешітінің уақытша молдалық қызметін атқарушы Мұрат Жақсылықұлы дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы Айжан Мұратханқызы қатысты. Өз кезегінде сөз алған қатысушылар қоғамдағы жат ағым мәселелерін, дініміздің құндылықтарын баяндап өтті.

 

Аягөз қалалық мешітіндегі ағылшын тілі.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығынында мектеп оқушыларына тегін ағылшын тілі жүргізіле бастады. Сабақты ағылшын тілі маманы Ақбота ұстаз дәріс беруде. Оқушыларды топқа бөліп, сабақ сенбі және жексенбі күндерде жалғасын таппақ.

 

 

 

 

Аягөз қалалық мешітіндегі жексенбідегі сабақ.

Аягөз қалалық мешітінде әр жексенбі күндері жамағатқа «Пайғамбар қиссалары» атты тақырыпта сабақ жүргізіліп тұрады. Мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы пайғамбар қиссасы дәрісін бастап, қиссаларды білудің маңызына тоқталып өтті.

 

 

 

 

Қосағаш ауылдық мектебіндегі кездесу.

Аягөз ауданына қарасты Қосағаш ауылдық мектебінде «Ислам діні – Қазақтың рухани негізі» атты тақырыпта кездесу өтті. Қосағаш ауылдық мешітінің молдасы Асхат Ұзақбайұлы асыл дінімізді ұстанған бабалар тарихына тоқталып, қасиетті Құран Кәримнен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінен тәрбие жайлы насихат айтып, оқушылар сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.