Аягөз жаңалықтары (фото)

Қалалық мұражайдағы кездесу.

Аягөз қаласындағы орталық мұражайда политехникалық колледж студенттерімен кездесу өтті. Бұл жиынға Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы және наиб имамдар Дәулет Қинаятұлы, Нұржан Медеуханұлы мұражай қызметкерлерімен колледж ұстаздары қатысты. Мұражай қызметкері баяндама жасап, мешіт имамы асыл дініміз Ислам құндылықтарына тоқталып, қоғамдағы жат ағым мәселелеріне тоқталып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңы мұражайды аралап, ондағы құнды жәдігерлермен танысумен ұласты.

 

Аягөз қаласындағы №6 мектептегі басқосу.

Аягөз қаласындағы №6 мектепте «Рухани жаңғыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы тарих пәнінің ұстазы Анар ханым 9 класс оқушыларына имандылықпен тәлім – тәрбие жайлы баяндама жасап, наиб имам ұлттық салт – дәстүрімізбен дін сабақтастығы жөнінде насихат айтты.

 

Аягөз қалалық мешітінде заман талабына сай әдепхана ашылды.

Аягөз қалалық мешітінде заман талабына сай әдепхана ашылды. Өйткені уақыт өте келе бұрынғы дәретхана тозығы жетіп, ескірді. Көпшіліктің қолдауымен салынған дәретхана ерлер мен әйелдерге арналған. Осынау құрлыстың басы – қасында жүріп, аяқтатуына атсалысқан азаматтарға мешіт имамы көпшілік атынан алғыс айтып, құрлыстың басталуынан аяқталуына дейін жүрген Мұса қажыға шапан жабылып, алғыс хатпен сый – сыйапат табыс етілді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.