Имам медресе шәкірттермен кездесті

Семей қалалық Бір мұнаралы Тас мешітінің имамы Салимов Нұрбек Нәдірұлы «Әбу Бәкір Сыддық»  медресесінің шәкірттерімен кездесті.

Кездесу барысында жастарға дінге қызмет ету, туған жерге еңбек сіңіру турасында және білім алу бағытында уағыз-насихаттар айтты. Кездесу барысында имам шәкірттермен ашық пікір алмасып, діни ахуал, елдегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, дін қызметкерлеріне қойылатын басты талаптар бағытында сұхбат жүргізді. Өз кезегінде шәкірттерді асыл дініміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі