Аягөз жаңалықтары (фото)

«Білімді жастар – ел болашағы» – атты сайыс.

Аягөз қаласындағы «Жаңауыл» мешітінде «Білімді жастар – ел болашағы» – атты мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері арасында командалық сайыс өтті. Мешіт имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы дініміздегі шариғи мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, «Раян» және «Хикмет» атты командаларға төрелік етіп, нәтижесінде «Раян» командасы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 «Жаңауыл» мешітіндегі ауызашар.

«Жаңауыл» мешітінде рабиғуләууәл айы құрметіне ауызашар ұйымдастырылды. Мешіт жамағаты қатысқан ауызашарда мешіт имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы Әз – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмір тарихынан насихат айтып, ел – жұрт амандығын тілеп, бата берді.

 

Бозай ауылдық мектебіндегі кездесу.

 

Аягөз ауданына қарасты Бозай ауылдық мектебінде 8 – 9 класс оқушыларымен  кездесу өтті. Кездесуге Мамырсу ауылы «Қазығұл ата» мешітінде уақытша молдалық қызмет атқарушы Мұрат Жақсылықұлы «дін тәрбие діңгегі» атты тақырыпта уағыз – насихат айтып, қоғамдағы жат ағым мәселелерінеде тоқталып өтті. Мектеп басшысы, ұстаздар қауымыда қатысқан жиында сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.