СЕМЕЙДЕ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

Желтоқсан айының 10 жұлдызы Семей қаласы (ГДК) мәдениет сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі Мәуліт кеші өтеді.

Кештің жаңа бағдарламасында тағылымды қойылымдар, діни әндер, бейнероликтер, сырлы монологтар болады. Мәуліт кеші сағат 10:00-да басталады.

Ғаламдардың мақтанышы, адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне орай ұйымдастырылған Мәуліт кеші сіздерді шақырады.

Мәуліт кеші сіздер үшін тегін өтеді!

Анықтама телефоны: 8 (7222) 52-19-11

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.