Емелтау ауылындағы Мәуліт мерекесі (фото)

Аягөз ауданына қарасты Емелтау ауылында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекесі аталып өтті. Ауыл молдасы Жаңалық Еркінұлы Әз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір тарихынан насихат айтып, мектеп оқушылары салауат жолдады. Ауылдың үлкендері алғыстарын айтып, жайылған ақ дастарханнан дәм татты. Мереке соңында мектеп оқушыларына сыйлықтар беріліп, мешіт жанашырларына алғыс хат табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.