Аягөз қалалық мешітіндегі басқосу.

Аягөз қалалық мешітінде ақшам намазынан соң ақдастархан жайылып, мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы уағыз – насихат айтып, қатысқан жамағатқа наиб имам Дәулет Қинаятұлы сұрақ – жауап ұйымдастырып, жауап берушілерге сыйлықтар берілді. Ақсақалдар бата беріп, жақсы ниет білдірушілер тілегін айтып, жамағат алдағы уақыттарда да осындай ақдастархан басында басқосулар өткізіліп тұруын құп көрді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.