ҚАЗАҚСТАНДА ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЛЕКТОРЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

KAZISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісінің отырысында министр Нұрлан Ермекбаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы Жол картасын әзірлеп,   дәріс берушілерді қайта даярлауды жүзеге асыратын дайындау орталығын құруды ұсынды.  Министрдің айтуынша, ақпараттық топтардың мүшелері азаматтармен тығыз әрі түрлі аудиторияда адресті түрде жұмыс жасайды. Ал, жұмыс ескі қағидамен жүргізілуде. Барлық қатысушылар үшін бір ғана дәріс, формальді кездесулер, өңірдің ерекшелігі ескерілмейді, одан арғы байланыстар жетіспейді. Нұрлан Ермекбаев ақпараттық топтардың мүшелері, оқытушылар ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың толық жиынтығын меңгеріп, сондай-ақ, психологиялық дайындықтан да  өтулері керек екенін баса айтты. «Бұл үшін біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы жол картасын әзірлеуіміз керек. Бұл картаның басты бағыттарының бірі лекторларды даярлау және қайта даярлау орталығын құру болып табылады. Ол оқытушыларға ғана емес, олардың жұмысына бақылау жасап қана қоймай, сертификаттауды жүргізеді және рейтингтерді қалыптастырады. Рейтингке сәйкес, оқытушыға төлем жасалады. Орталық жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, профилактикалық жұмыстың алгоритмін әзірлеуі керек»- деп өз жоспарымен бөлісті Нұрлан Ермекбаев. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда дін мәселелері бойынша 249 өңірлік және 1 республикалық  ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді.  Олардың қатысуымен 35 мыңнан  астам түрлі іс-шаралар өткізіліп,  аталған іс-шаралаға 2 млн.  500 мың адам қатысты.  Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері үшін 50-ден астам әдістемелік материал дайындалып, 3 мың лектор оқытылды.