Астана мейірімді қала – Қайырымдылық керуені келіп жетті жаңалықтар

Астана қаласы қайырымдылығы таратылды

ҚМДБ Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені әкелген азық – түлік көпшілікке таратылып берілді. Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Жастар бөлімі», «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге жылы лебіздерін білдіріп, Астана аманатын көпшілікке тапсырды.

 

Астана мейірімді қала –

Қайырымдылық керуені келіп жетті

 Аягөз қаласына еліміздің бас қаласы Астанадан «Астана мейірімді қала» – қайырымдылық керуені келіп жетті. «Нұр – Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 16 тоннаға жуық азық – түлік, киім – кешек және тағы да басқа қажетті дүниелер қамтылған. «Нұр – Астана» мешітінің наиб имамы Ербол Абдуахитұлы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына «Нұр – Астана» мешіті имамдарымен жамағаттың сәлемін жеткізіп, қайырымдылық заттарымен азық – түлікті таратып берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі