Береке – бірлік дініміздің негізі.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында жастар бөлімі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Береке – бірлік дініміздің негізі» атты тақырыпта семинар өтті. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы дініміздегі береке – бірліктің негізі жайында қасиетті Құран аяттарымен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінен баяндады. Семинарға қатысқан жамағат алдағы уақыттада осындай жақсы істердің ұйымдастырылып, өтуіне ой пікірлерін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.