МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫН ҚОЛДАДЫ

            KAZISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұжымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқылау бойынша отырыс өтті. Мемлекет басшысының ұсынған «7-20-25» жаңа бағдарламасы: әр отбасына жаңа тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктері, төмен жалдамалы жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін салық ауыртпалығын азайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасы және студенттің өмір сүру жағдайларын жақсарту, микрокредиттерді кеңейту, сондай-ақ елдің одан әрі газдандыруын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор        А.П. Абуов «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға мүмкіндік береді, өйткені бұл сала Тәуелсіз Қазақстанның конфессияаралық келісімі мен бірлігін құрудағы іргелі қабат болып табылады» – деп атап өтті.  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Қасым» қоғамдық қорының президенті Терешкулов Аян Бауыржанұлы өз баяндамасында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайды және әрбір азамат үшін маңызды міндеттер қойды» – деп атап өтті. Өз кезегінде, Халықаралық Түркі Академиясының жетекші сарапшысы Козырев Тимур Анатольевич аталған үндеу қазақстандық қоғамның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қуатты драйвер екенін атап өтті. Еске сала кетейік, 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялады.