Семей қалалық қарттар үйінде  «Ана бір қолымен бесікті екінші қолымен әлемді тербетеді» атты мерекелік шара

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша Жастар бөлімі және  Әйел-қыздар секторы Семей қалалық қарттар үйінде  «Ана бір қолымен бесікті екінші қолымен әлемді тербетеді» атты мерекелік шара өткізді. Іс-шараның мақсаты қарияларды қуантып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, сонымен қатар жас шәкірттерді қарттарға құрмет,ізет көрсетуге баулу.

Іс-шара Тас мешітінің наиб имамы Айдын Жүнісбекұлы алғы сөзінен басталды. Концерттік бағдарлама терме, ән, өлең және кішкентай шәкірттердің биімен жалғасын тапты. Шара соңында Орталық мешіт атынан мекемеге арнап алынған сыйлықтар ұсынылып, мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері қарттарға ізгі тілектерін білдіріп, мекеме меңгерушісіне алғыс айтып сыйлықтар таратты. Екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өз хадисінде «Қарттарға құрмет және сияпат, Алла Тағалаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари), «Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес..» (Бұхари) – деген. Қарттар өз кезегінде алғыс айтып өз баталарын берді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.