Су тасқынынан зардап шеккендерге ас берілді.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы хатымханада күні кеше тасқыннан зардап шеккен қамкөңіл жандарға бала – шағаларымен «АрДан» тіс емханасының басшысы Бақытгүл Амантайқызы наурыз көжемен қоса ас берді. Сынаққа ұшыраған жандардың көңілін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі әртістері күмбірлеген домбырамен ән орындап бір көтеріп тастады. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы уағыз – насихат айтып, Жаратқанның сынағына сабырлық мұсылманның қорғаны екендігін баяндап, әр істің қайырын тіледі. Асқа жиналған қауым мешітке алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.