Орталық кітапханадағы конференция

Аягөз қаласындағы орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» – «Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» атты конференция өтті. Жиынға мектеп оқушыларымен ктапхана қызметкерлері, қонақтар қатысты. Орталық кітапхана қызметкері Айнұр ханым баяндама жасап, қатысушы қонақтарды таныстырып өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы дініміздің құндылықтарымен қатар Әбу Ханифа өмірінен, бабалар салған сара жол жайлы насихат айтты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Көкенай ақсақал мен Азанғали ақсақал, Ақаш ағалар аталық ақылдарын айтып, бата берді. Келген қонақтарға кітапхана ұжымы атынан кітаптар сыйланды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі