«Тәрбие басы – отбасы»

Аягөз қаласындағы №2 балабақшада «Тәрбие басы – отбасы» атты тақырыпта дөңгелек стөл өтті. Тәрбиеленуші балалардың ата – аналарымен тәрбиешілер қатысқан кездесуге мешіттің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы қатысты. ҚМДБ – ның биылғы 2018 жыл «Ислам және отбасы» жылы деп жарияланғанын, жанұядағы ұрпақ тәрбиесі жайлы баяндап, уағыз – насихат айтты. Ақжаулықты аналар өмір сабағы жайлы сыр шертіп, кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі