Бүлдіршіндер мешіт ғимаратымен танысты

Аягөз қалалық мешітіне арнайы келген қалалық №5 – ші балабақша бүлдіршіндеріне мешіт имамы Думан Нәдірұлы мешіт ғимаратының ішін аралатты. Мешіт мұржайымен таныстырып, ауданның рухани тарихына тоқталды. Бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етіп, ақ батасын берді. Қонақжайлылық көрсеткен мешіт қызметкерлеріне балабақша тәрбиешілері өз алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі