«Ислам және отбасы» тақырыбында семинар

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі және  әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттері қатысты. Семинар мақсаты отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым қатынасты, діни, ұлттық қазақы тәрбиені шәкірттер санасына сіңіру.

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз, жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы. Асыл дініміз Исламда отбасы маңызды фактор. Неке – екі жанның қасиетті одағы, қоғамның бастауы.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлықтарың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар» – деп, ерлі-зайыптылардың міндеттерін ашық-айқын көрсеткен.

Семинар барысында ұстаздар отбасының негізгі құндылықтары, ер мен әйел арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас таырыбын өрбітті. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен отбасындағы маңызды мәселер жайлы мысал келтірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.