РАМАЗАН МҮМКІНДІГІ МОЛ АЙ ФОТО

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі  «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен Семей қаласының орталық Қос мұнаралы мешітінде  «РАМАЗАН МҮМКІНДІГІ МОЛ ай»  атты акциясы өтті. Сауат ашу курсының шәкірттері мен ұстаздар мешіт ауласында келуші жамағатқа өз қолдарымен жасалған кәдесый мен құрма үлестіріп, Қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Акция мақсаты халыққа Рамазан айын кеңінен танытып, Ұлы мерекені насихаттау.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген:
«Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалдары өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) Өзім беремін – деген». Бұл дегеніміз ораза адам баласы үшін парыз және Алла алдындағы ең сүйікті амал.

Әнәстің (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде өзіне дәм ұсынған сахабасының үйінде былай деп дұға еткен:
«Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын. Дастархандарыңнан әрдайым салиқалы, тақуа жандар дәм татсын. Періштелер сендер үшін Алладан рақым, жарылқау тілесін».

Күн соңында іс-шара Тыныбай қажы мешітінде жалғасты. Семей өңірі бойынша  «Әйел-қыздар секторы» әжелер мен келген қонақтарды Рамазан айымен құттықтап, ауыз ашар берілді. Қонаққа мұқтаж отбасылар шақырылып, азық-түлік таратылды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.