Тарауих намазы алдындағы уағыз

Қасиетті Рамазан айында отыз күн бойы Тарауих намазы оқылатыны баршамызға мәлім. Осыған орай, «Қос мұнаралы» орталық мешітінде және қаламыздың өзге де мешіттерінде күнделікті аталған намаз алдында уағыз жүргізіліп келеді.

Орталық мешітте ҚМДБ-ның Семей аймағы  бойынша өкілі, «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы, наиб имамдар: Баешов Бекзат, Балтабеков Бауыржан, Хожамуратов Элбек жамағатты уағызбен сусындатып, қасиетті айда рухани азық сыйлауда.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.