Аягөз қаласындағы Құран жарысы

Аягөз қалалық мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті. Құран жарысына 40 – тан астам шәкірт қатысты. Бас имам Думан Нәдірұлы жарыстың тәртібімен ережелерін түсіндіріп, шәкірттерге сәттілік тіледі. Жарысқа Серікболұлы Тұрар, Барлықбайұлы Айдын, Серікбайұлы Данияр есімді азаматтар демеушілік жасады. Әділқазылар шешімімен Мәулітханов Алмас, Мейрамбек Ислам, Думанқызы Надира, Шалқарова Гүлдана, Шалқарова Аяна жүлделі орындарға ие болып, велосипедтер табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.